Оралда кәсіптік колледждердің материалдық базасы нығаяды
Биыл Батыс Қазақстан облысында жаңа кәсіптер атласы жасақталады.
Бұдан бөлек техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жайы басты назарда болады. 6 колледжге 829 миллион теңгенің жаңа құрал-жабдықтары алынады.
Батыс Қазақстан индустриялық колледжінде 6 мамандық бойынша 500 шәкірт білім алады. Жастар мұнда темір жонушы, дәнекерлеуші, байланыс маманы, электр шебері секілді кәсіп түрлерін меңгереді. Ерасыл Есмағұлов солардың бірі. Қазірдің өзінде болашақ токарьді жұмысқа шақырушылар аз емес.
Ерасыл Есмағұлов, кәсіптік колледж студенті:
- Бұл мамандық өзіме жақын. Себебі металмен жұмыс жасаған ұнайды. Болашақта осы мамандықты дамытып, әрі қарай жұмыс жасасам деп сондай мақсат қойдым. Өзімнің кішігірім кәсібімді ашсам деген де ой бар.
Колледж студенттерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ке тең. Соның ішінде токарь, дәнекерлеушілерге сұраныс өте жоғары. Биыл колледж басшылығы автоэлектрик мамандығы бөлімін ашпақ. Себебі өңірде бірде-бір оқу орны аталған кәсіпке үйретпейді.
Серік Мұхамбетәлиев, колледж директоры:
- Облыс деңгейінде жоқ мамандық, жұмысшы мамандығының бірі - автоэлектрик мамандығын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазір колледж базасы сенімгерліктен шыққаннан кейін материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша ұсыныстар беріп отырмыз. Білім басқармасынан бізге қажетті жабдықтар сандық станок, автокөтергіш, диагностикалық орталықтар керек. Сол құралдарды алғаннан кейін бұл бағытта оқытамыз деген ойдамыз.
Өңірдегі кәсіптік-техникалық колледждер өндіріс орындарымен байланысты нығайтып, дуальды оқыту жүйесін жолға қойған. Өз саласы бойынша оқу орнын қамқорлыққа алған кәсіпорындар өздеріне керекті мамандардың қажетті еңбек дағдыларын цехтарда игеріп, тәжірибе алуына мүдделі.
Елдос Ізім, трансформатор зауытының өндіріс бойынша директоры:
- Индустриялық колледжден 10 бала сараманға келген. 6-ы жұмыс жасап жатыр. 3 айдай бізде практикадан өтті. 3 айдан кейін жақсы жұмыс жасап, өздерін көрсеткен 6 баланы жұмысқа алып қалдық. Олар қазір 3-і дәнекерлеуші, 3-і электрик болып жұмыс жасап жатыр. Колледжбен жұмыс істеудің ыңғайлылығы олар өздерінің білімін алып келген балалар болғасын жұмысқа орналасу және алып кетуге өздеріне де оңай болды.
Қазір өңірдегі 35 колледжің 22-сі 26 кәсіпорынмен келісімге келіп, корпоративті басқару жүйесін енгізген. Ал жұмысшы мамандықтар жылы оқу орындарын қамқорлыққа алатын кәсіпорындардың санын 150-ге жеткізу жоспарланған.
Бағида Сарбалина, білім беру басқармасының бөлім басшысы:
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өз қызметтерін міндетті түрде әлеуметтік серіктестермен бірлесіп атқаруда. Себебі дуальды оқыту дегеніміз 2015 жылдан басталған, ол 60 пайызын кәсіпорында өткізу. Әр колледждің бізде серіктестері бар. Бір ғанамен шектелмейді. олар 4-5 тен 20-30 серіктестері бар колледждердің. Кәсіпорындарда олар практикадан өтеді. Және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін сол жерде алады.
Кәсіптік білім беру ұйымдарын модернизациялаудың жол картасына сәйкес биыл өңірде 6 колледжге 829 млн теңгеге замауни оқыту жабдықтары алынбақ.
Е. Жылқайдарұлы, Қалыбек Ақрап, Э. Аюпов