Қазақстандық компания бағдарламалауды зерделейтін білім беру платформасын әзірлеп шығарды
Қазақстандық компания робототехника мен бағдарламалауды зерделеуге арналған бірыңғай білім беру платформасын әзірлеп шығарды.
«ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық көрмесінде ұсынылған жоба мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде білікті кадрлар мен материалдық жабдықтардың жетіспеушілігін шешуге бағытталған. Бұл жерде педагог әр балаға жеке көңіл бөле алады. Платформа интерактивті курстар мен қадамдық нұсқаулықтардан тұрады.
Абай Кәкімбек, жоба жетекшісі:
- Біздің өніміміз ауылдық жерлердегі оқушыларға арналған. Ол жақтағы балалар мұғалімнің дәрежесіне қарай емес, өз біліктілігіне және біліміне қарай өз дәрежелерін көрсете алады. Біз сондай мүмкіндік беруге тырысып жатырмыз. Мемлекет тарапынан осы бастамаларды жүзеге асыру үшін көптеген қолдау жасалып жатыр. Мысалы, білім білім қорын дамыту арқылы біз СҚО-да 34 мектепке кірдік. Қазір олар біздің өніміміз арқылы білім алып жатыр.