Абай облысында ұстаздарға құрмет көрсетілді

 «Ұстаз — ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын барысында мұғалімдер «Еңбек ардагері» медалімен, Ы.Алтынсарин және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

Мерекелік жиынға 500-ге жуық педагог қатысты. Жалпы Абай облысында 16 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Соның 8-і «Үздік педагог» атанса, 30 ұстаз облыстық марапатқа ие болды. Оның бірі Үржар ауданы Егінсу ауылынан келген Қарлығаш Жақсылықова. «Еңбек ардагері» медалін алған ұлағатты ұстаз 42 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Бүгінде зейнет демаласындағы мұғалімнің әулетінде 11 адам осы ұлағатты жолды таңдаған екен. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 300 жылға жуықтайды.

Қарлығаш Жақсылықова, ардагер ұстаз:

- Осы сәтті пайдаланып бар әріптестерімді, еңбек істеген мұғалімдерді бүгінгі күні еңбек істеп жатқан әріптестерімді құттықтаймын. Егінсу орта мектебінің мұғалімдерін Үржар ауданының мұғалімдерін барлығын төл мерекелерімен құттықтап еңбектеріне шығармашалық табыс тілеймін.