Адалдықты дәріптейтін тәрбие сағатын жиі өткізу керек – Педагогтер
Мектептерде адалдықты дәріптейтін тәрбие сағатын жиі өткізу керек.
Көкшетауда өткен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумда сала мамандары осындай бастама көтерді. Жиында «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды. Сондай-ақ білім беру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Қазір өңірдегі барлық мектепте адалдық сағаты өтеді. Бұл жоба оқушының құқықтық мәдениетін арттырып, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру үшін қажет -дейді мамандар.
Тілеукен Ахметбеков, Красный Яр ауылының №1 орта мектебінің директоры:
- Адалдық сағаттарын өткізудегі басты мақсат – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру. Әрине мектебімізде бұл бағытта түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде сынып сағаттарында не болмаса мынау әдеби шығармаларды талдау кезінде, оларды оқыту кезінде біз адалдық тақырыбын міндетті түрде қозғап, балалардың бойынша барынша сіңіруге тырысып жатырмыз.