Кейбір өңірдегі мектептерде екінші ауысымның сыныптары онлайн оқиды
Астанада да ақтүтек боранға байланысты екінші ауысымның 9-сыныпқа дейінгі оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Елордада желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Атырау облысында да 1-11 сыныпқа дейінгі оқушылар және кәсіби-техникалық колледж студенттері қашықтан білім алады. Алматыда бүгін күн бұлтты. Жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Шымкентте тұман түседі, жауын-шашын. Сосын секундына 20 метрге дейін жел соғады.