Ұстаздарға арналған ұлттық білім беру платформасы іске қосылады

Ұстаздарға арналған жасанды интеллектімен қамтылған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылып, электрондық күнделіктер мен журналдардың бірыңғай деректер қоймасы жасалады. Қажетті ақпаратт QazTech мемлекеттік бұлтты платформада шоғырланады. Бұл мұғалімдердің күнделікті жүктемесін азайтады. Биылғы оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін пилоттық өңірлерде Qazaq Digital mektebi жобасы іске қосылады. Онда жасанда интеллект репетиторлары қолданылады. Келер жылға дейін 200 мыңнан астам педагог жасанды зерденің тәжірибелік дағдыларын меңгереді. 

Асылбек Ахметжанов, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саланы, оның ішінде білім беруді цифрландыру жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Үкімет арқылы мұғалімдердің жүктемесін азайтуға, оқушылардың ЖИ сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асырып жатыр. Оқушылар арасында ЖИ сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.