Биыл Жамбыл облысында төрт мектеп салынады

Жамбыл облысында 4 мектеп бой көтереді.

Одан бөлек орын тапшылығы бар 8 мектепке жапсарлас қосымша ғимарат салынады. Облыстағы 27 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Мысалы Тараздағы №27 орта мектеп ғимараты 1950 жылдары тапсырылған. Содан бері дұрыс жөндеу көрмеген. Мектепте акт залы жоқ. Спорт залы мен асханасы тар. Қазір бюджеттен 3,7 миллиард теңге бөлініп, 3 қабатты жаңа ғимарат салынып жатыр. Мердігер нысанды күзде тапсырады. Өңірге барған Мәжіліс депутаттары білім нысанының құрылысын көріп, жұмыс сапасын бақылауға алатынын айтты. Сондай-ақ өңірде 3 аусыммен білім беретін мектептерді азайту үшін, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Гүлдара Нұрым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Аудандарда, ауылдарда 3 ауысымды мектептер әлі бар. Қордай ауданында да бар. Енді оны кезек-кезекпен қаржыға байланысты, бюджетке байланысты осы мектептерді жаңартуға қайта құрылыс жасауға барлық жағдай жасалып жатыр деп ойлаймын. Өйткені барлығы балалардың болашағы үшін, сапалы білім алу үшін жасалып жатқан жұмыстар.