Ғылымды қаржыландыру жүйесінде мемлекеттік бақылау күшейеді
Ғылымды қаржыландыру жүйесінде жауапкершілік пен мемлекеттік бақылау күшейтіледі.
Енді Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми жобалар бойынша шешім қабылдап, Ғылым комитетіне ұсынады. Уәкілетті орган оның заңға сәйкестігін бақылап, бекітеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Палата заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Ұжымдық пайдаланылатын зертханалар тетігі енгізіледі. Бұл норма бюджет есебінен сатып алынған ғылыми инфрақұрылымды тиімді әрі баршаға қолжетімді пайдаоану үшін өте маңызды. Мысалы бір университетте заманауи зертхана бар ол тұтас өңірде біреу ғана. Қазір оны тек сол ұйымның ғалымдары ғана пайдалануда. Енді осы заңда дәл осындай зертханаларды басқа да ғалымдар үшін қолжетімді ету үшін арнайы ұжымдық пайдалану деген ұғым және тиісті арнайы механизм енгізілуде.