Ақысыз медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруға 1,6 трлн теңге бөлінген

Биыл елімізде ақысыз медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруға 1,6 трлн теңге бөлінген.

Ал МӘМС жүйесіне 1,7 трлн теңге қарастырылыпты. Қаражаттың басым бөлігі ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерін жақсартуға, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бағытталып отыр. Бұл туралы сала министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.  Қазіргі таңда амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін науқастар саны айтарлықтай артты. 2018 жылғы 1,9 млн адам болса, 2026 жылы 3,4 млн адамға дейін өскен. Алдағы маңызды міндеттің бірі нашар еститін балаларға арналған есту аппараттарының өндірісін шұғыл түрде іске қосу. Президент тапсырмасын орындау мақсатында арнайы жол картасы әзірленбек. Құжатта отандық өндірушілерді тарту, қажетті технологиялар трансферті және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру қарастырылады. Өндіріс басталғанға дейін әкімдіктерге жергілікті бюджеттер мен бюджеттен тыс қаражат көздер есебінен балаларға арналған есту аппараттарын сатып алуды қаржыландыру тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: