Қазақстан ғылым саласын қаржыландыруды арттырмақ
2027 жылға қарай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығынды ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар қолданбалы ғылыми әзірлемелерді экономика мен өндірісте пайдалану үлесін 35 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми кадрлар даярлау сапасын арттыруға ден қойлады. Салаға жауапты министрлік осындай ақпаратпен бөлісті. Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 75-орынға көтерілуге ниетті. Осы мақсатта шетелдік тағылымдамалар саны артып, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қатысуымен ғылымды басқарудың жаңа тетігі енгізіледі.