БҚО-да студенттер жасанды зердені меңгеріп жатыр

Батыс Қазақстанда студенттер жасанды зерденің көмегімен бес цифрлық агент ойлап тапты. Соның бірі – құрылыс саласына арналған «ақылды менеджер». 

Жасанды зерде жүйесі қоңырау шалған азаматтарға үй құрылысы туралы, қандай материал қолдану қажеттігі жөнінде онлайн кеңес береді. Тіпті сәулет сызбасын салып, дизайнын да жасап береді. Қойған сауалдарды талдап, тиісті қорытынды шығарады. Қазір қаладағы құрылыс компанияларының бірінде аталған жүйе сынақтан өтіп жатыр. Жасанды зерденің мүмкіндіктерін тек теориялық тұрғыда меңгеріп қоймай, іс жүзінде қолданған жастар «ақылды менеджер» агентінің артықшылығын айтады.

Елер Бірманов, БҚАТУ студенті:

- Бұл агенттің бір жақсысы, ол саған кеңес беріп отыра алады. Мысалы, зауытта: «10*10 көлемді үй құрып жатырмын, не істеуге болады?», - деп сатып алушы жазады. Ал біздің агент: «қандай фундамент, неден құйылады, ленталық па, не қолданасыз» дегендей сұрақтар қойып, толықтай сұрап алады. Сосын біздің зауытта мәліметтер базасында не бар, не жоқ, бәрін сәйкестендіріп, тексеріп, сатып алушыға ұсынады.