Елордалық оқушылар үй хайуанаттарына көмек қолын созды

Елордадағы Неотек цифрлық мектебінде «Ізгілік толқыны, Қамқор бол» республикалық челленджі аясында қайырымдылық акциясы өтті.

Балалар үй жануарлары үшін дәрі-дәрмек, тағамдарды арнайы панажайларға табыстады. Осылайша жеткіншектер қоршаған ортаға мейіріммен қараудың маңызын ұғынып қана қоймай, оны іске асырудың тиімділігін түсінді.

Дана Токкожина, Neotech Digital School директоры:

"Біз білімді тек академиялық шеңбермен ғана қарамаймыз. Біз мектебімізде жанашыр тұлға, жауапкершілігі мол оқушыларды тәрбиелеуге тырысамыз. Осы бағытта "Ұлттық волонтерлік" желісімен серіктестігіміз біздің мектептегі волонтерлік жұмысты жақсы бір деңгейге көтеруге себеп болды. Тағы да бір серіктестігіміз Вашингтон академиямен бірлесіп, біз мектебімізде үлкен қайырымдылық акцияларын өткізіп, Щучинск, Көкшетау қалаларының балалар үйіне көмектестік".

Сезім Ерлан, Neotech Digital School оқушысы:

"Мен иттерді, мысықтарды көрген кезде әрдайым дүкенге барып, тамақ алуға тырысамын. Себебі мен жануардың дұрыс өскенін қалаймын".