Талапкерлердің таңдауы — NU

Nazarbayev University-де ашық есік күні өтті. Болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына халықаралық оқу бағдарламасы, қолайлы мүмкіндіктер мен құжат тапсыру үрдісі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар білім ордасына экскурсия ұйымдастырылды. Талапкерлер университет таңдау кезінде оның мәртебесіне ғана емес, қауіпсіздігіне, оқу ақысына, халықаралық байланыс пен кәсіби мансап орталығына ерекше мән береді. Әлемдегі озық білім беру жүйесіне негізделген NU дәл осы талаптарға толық сай келеді.

Гонзало Хортелано, NU-дың жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы:

- NU қауіпсіз әрі заманауи білім беру ордасы. Кейінгі кезде геосаяси жағдайға байланысты басқа елдерден студенттер осында жиі ауысып жатыр. Қазақстан қолайлы әрі әлемдік деңгейдегі білім ұсынатын тартымды бағытқа айналып келеді.

NU-ге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осы оқу жылында 12 мыңнан астам таларкерден өтініш түскен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Грант үшін бәсеке өте жоғары. Дегенмен Орталық Азиядағы үздік университетте ақылы түрде де білім алуға болатынын көбі біле бермейді. Оқу ақысы жылына 5 млн теңгеден басталады.

Дәулет Макадиев, қала тұрғыны:

- Назарбаев университетін таңдау себебіміз бұл қазір Азия елдеріндегі университеттердің ең үздігі. Сондықтан таңдаймыз, әрине, болашақ жастардың қолында, сондықтан осы университетті бітірген жастардың жерде қалмайтынына сенімдіміз.

Студенттер үшін оқу орны, жатақхана, зертхана, кітапхана, асхана, спорт және демалыс кешендері шоғырланған кампус ұсынылады. Ғимараттар қауіпсіздік жүйесімен және заманауи инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. 

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Өрден Жарқын