Астанада TopIQ Smart Class жүйесі таныстырылды

Астанадағы № 99 мектепте смарт-кабинет таныстырылды. Бұл – TopIQ Smart Class пилоттық жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жабдықталған сынып. 

Онда тақта, мұғалім үстелі және оқушылар парталары біртұтас цифрлық платформа ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар жүйе жасанды интеллектпен қамтылған. Ол оқушыларға электронды оқулықтармен жұмыс істеуге, тапсырмаларды орындауға, 3D сурет салу мен модельдеу дағдыларын дамытуға, тіпті музыкалық аспаптарды меңгеруге мүмкіндік береді. Ал оқушылардың үлгерімін жасанды интеллект арқылы талдап, бағалғауға болады. Тың технологияныың таныстырылымына Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Ол ашық сабақ барысын бақылап, инновациялық сыныптың негізгі функциялары мен практикалық мүмкіндіктерін тамашалады. Мұндай цифрлық форматтардың оқу процесіне қалай ықпал ететінін нақты түсіну маңызды. Дәстүрлі оқыту жүйесі де өз мәнін сақтауы керек. «Пәндерді оқытуда сараланған тәсіл қолданылып, әр баланың жеке ерекшелігі ескерілуі қажет», - деді Аида Балаева.

Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасының баспа ісі жөніндегі вице-президенті:

- Бұл видеомыз «TopIQ Smart Class» деп аталады. «Smart Class»-ты Астана қаласының № 99 жайлы мектебінде бір ай бұрын орналастырдық. Сол бір айдың арасында осы смарт сыныпта білім беру процесі қаншалықты ұтымды, тиімде деген мақсатта шағын эксперименттер жүргіздік. Тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз, ұстаздар тарапынан, оқушылардың тарапынан. Ал енді болашақта әрине, мұндай сыныптар әрбір мектепте болса. Себебі балалармен онлайн байланыс жасауға өте тиімді.