Еліміз білім экономикасына бет бұрып жатыр
Білім мен ғылым мемлекеттік саясаттың "іргелі қағидаттары" мәртебесіне ие болды.
Жаңа Конституцияда мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтары Ата заңның преамбуласында алғаш рет айқын көрсетілді. Осылайша республика бүкіл құқықтық жүйе үшін ұзақ мерзімді әрі стратегиялық бағдарларды айқындап отыр. Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов осылай деп есептейді. Депутаттың пікірінше, құжаттың жаңа редакциясы білім экономикасына тарихи көшуді нақты бекіткен.
Олжас Нұралдинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біріншіден, осындай аса маңызды салалардың Конституцияда бекітілуі еліміз үшін өте маңызды. Өйткені осы Конституция арқылы біз табиғи ресурстарды игеру бағытынан адамға бағдарланған қоғамға көбірек бет бұрып жатырмыз. Еліміз 30 жыл бойы негізінен ресурстар өндіру саласына басымдық беріп келсе, енді міне осы уақыттан кейін қоғамдағы ең басты құндылық адам капиталы екенін түсінгендейміз. Ғылым мен білімнің Конституцияда бекітілуі бюджетті жоспарлау, қаржыландыру және өсім нүктелерін болжау кезінде өте маңызды рөл атқарады. Бүкіл әлем қазір цифрлық даму дәуіріне, жасанды интеллектіні дамытуға бағыт алды. Қазақстан да осы деңгейде, осы толқында болуы тиіс.