ҰБТ сертификаты Малайзияда ресми танылды

Қазақстанның ҰБТ сертификаты Малайзияның Жоғары білім министрлігі тарапынан ресми танылды. 

Енді қазақстандық түлектер Малайзияның бірқатар университетіне міндетті Foundation даярлық бағдарламасын өтпей-ақ, ҰБТ сертификаты арқылы оқуға түсе алады. Сонымен қатар IELTS, TOEFL немесе баламалы сертификаттар арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау талаптары сақталады. Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге нақты университет пен білім беру бағдарламасының талаптарын алдын ала мұқият зерделеуді ұсынады. 

Сонымен қатар жаңа форматтағы Admissions Insight Test яғни AIT емтиханының да халықаралық білім беру қауымдастығы мен шетелдік университеттер тарапынан кеңінен мойындалуы жоспарланып отыр.