Астанада Лу Бань шеберханасы ашылды

Халықаралық орталық Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орайластырылды.

Шеберхана Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жоғары білікті техникалық кадрлар даярлауға бағытталған Қазақстан-Қытай бірлескен инновациялық жобасы аясында жүзеге асты.

Орталық Азиядағы жетекші оқу орнының ордалы 30 жылдығы аясында салтанатты іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр. Бүгін білім ордасы Лу Бань шеберханасын ашты. Халықаралық орталық Тяньцзинь кәсіптік институтымен бірлесіп жүзеге асырылған. Ол техникалық әрі IT-білім беруді дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған.

Гүлмира Бекманова, ЕҰУ цифрлық даму жөніндегі проректоры

Шеберхананы аралау барысында қонақтарға автоматтандырылған өндірістік желілер, жоғары өнімді есептеу жүйелері, ұшқышсыз жүйелер, машиналық көру және робототехника зертханалары таныстырылды. ЕҰУ студенттері мен IT-мамандары жасанды интеллект саласындағы жобаларын ұсынды. Сондай-ақ 30 жылдық мерейтой аясында университет аумағында мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды.

Индирa Рыстина, ЕҰУ сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры

Бүгінде университетте 27 мыңнан астам студент білім алуда, ал оқу және ғылыми үдерісті шамамен 3 мың оқытушы мен қызметкер қамтамасыз етеді. Оқу ордасы 200-ден астам білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, жасанды интеллект, инженерия, ядролық физика, биотехнология және басқа да бағыттарда халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми зерттеулерді белсенді дамытып келеді. 

Әлішер Әли