Түркістан облысында 98 мектепке жөндеу жүргізіледі
Биыл Түркістан облысында 100-ге жуық мектеп жаңа кейіпке еніп, материалдық базасын жаңартады.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 миллиард теңге бөлінді. Білім беру нысандарының басым бөлігі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді.
Жандос Жұмабек, тілші:
- Бүгінгі күні Түркістан облысында 98 білім беру ұйымына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі қазір мен тұрғын Сауран ауданы Шаға ауылына қарасты Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектебі. Өткен ғасырдың 80-жылдары салған білім ордасына содан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Өркен Шүленбаев, мектеп директоры:
- Едендеріміз шұрық-тесік болып, терезеден жел уілдеді. Бұрынғы ағаш терезе және шатырымыздан әр жерден су кетті. Одан қалса, қатты желде шатыр ұшып, бірлі-жарым арасында. Шипырдың бәрі күнге күйіп кеткен еді. Жылу жүйеміз тозып, мектеп салқын болатын. Жылу жүйесінің бәрі шіріп, жарамай қалған еді.
Бұл мектепті жөндеуге былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 777 млн теңге бөлінген. Оның 250 млн теңгесі былтыр игеріліп, оқу корпусы күрделі жөнделді. Биыл спорт зал, кітапхана, акт залы сияқты маңызды бөлігі жаңа кейіпке еніп жатыр.
Олжас Шайхиев, мердігер мекеменің өкілі:
- Қабырғаның жұмысы бітті. Қазір монтаж жұмыстарына көштік. Терезе аусыады бізде, еденді бұзамыз. Іште спорт залдың еденін ауыстырамыз. Кітапхананың жұмыстары бар. Сыртта қасбеті қапталады, асфальті, абаттандыруы бар. Шатырдың жұмыстары бар. Тамыздың 20-сына аяқтаймыз.
Жалпы Түркістан облысында 1106 мектеп бар. Оның 940-ы мемлекеттік, қалғаны жемекеншік. Ал мектептерді жаңғырту жобасына енген 100-ге жуық білім ұясын жөндеуге 12 млрд теңге бөлінген.
Ғалымжан Орынов, білім басқармасының басшысы:
- Оның ішінде өткен жылдан келе жатқан 18 реновация мектебі бар. Қалған 38 күрделі жөндеуден өтуі тиіс мектептің 35-інің биыл жұмысы басталып, келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар облыста 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Былтыр басталған, биылғы жылы құрылысы аяқталып, қабылданатын болады.
Одан бөлек өңірде бір апатты және бір үш ауысымды мектеп бар. Жауаптылар олардың мәселесін де қосымша ғимараттар салу арқылы жыл соңына дейін шешеміз деп отыр. Одан бөлек биыл 110 мектеп газға қосылады. Мамандар оған 2,2 млрд теңге бөлінгенін айтады.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш