2026 жылғы негізгі ҰБТ қалай өтті?
Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланар қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова 2026 жылғы негізгі Ұлттық білім беру тестілеуінің қорытындылары, ұйымдастыру ерекшеліктері мен түлектердің көрсеткен нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды «24KZ».
Негізгі ҰБТ-2026 сынағына 233 мыңға жуық талапкер қатысты. Оларға тестілеуден екі рет өтіп, ең жақсы нәтижемен мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік берілді. Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушылардың 76%-ы шекті балл жинап, грант конкурсына қатысу құқығына ие болды.
Ең жоғары балл ҰБТ қорытындысы бойынша Павлодар облыısının түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия максималды 140 балл жинады.
Сонымен қатар 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін де барлық қажетті жағдай жасалып, негізгі ҰБТ-ға осындай 800 түлек қатысты.
Қазіргі уақытта Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. ҰБТ сертификаттары талапкерлердің жеке кабинеттерінде қолжетімді.