Тамыз ҰБТ-сы басталды

Елде тамыз Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ол 14-іне дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Талапкерлердің 65 пайызы қазақ тілінде, 35 пайызы орыс тілінде, тағы 100 шақты адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірген. 

Тамыз ҰБТ-сына биылғы және былтырғы мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алғандар, сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинай алмаған азаматтар қатыса алады.