Магистратура гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды
2026–2027 оқу жылына магистратураға мемлекеттік білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды деп хабарлайды «24KZ».
Биыл гранттар кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде бөлінді.
Грант тағайындау конкурсына 23 мыңға жуық талапкер қатысты. Оның ішінде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинағандар бақ сынады.
Мемлекеттік грант иегерлері магистратураға 2026 жылғы 28 тамызға дейін құжаттарын тапсырып, жоғары оқу орындарына қабылдануы тиіс.