«Болашақ» стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» иегерлері анықталды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының иегерлері жарияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Жаңа стипендия иегерлерінің қатарында 179 магистрант, 12 докторант және бакалавриатта білім алатын бір стипендиат бар. Сонымен бірге 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына қатысушылардың тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-арнасынан көруге болады.