300 оқушыға көмек көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясының батысқазақстандық филиалы 300 оқушыға көмек қолын созды. 

Көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен әлеуметтік әлжуаз топ өкілдеріне кеңсе тауарлары, рюкзактар, балалар дүкендеріне сертификаттар табысталды. «Мектепке нық қадаммен» акциясына мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті. 

Света Кеңесова, Орал қаласының тұрғыны:

- Алты баланың анасымын. Үш балам мектепке, екі балам балабақшаға барады. Бүгін осындай акцияға шақырып, балаларымызға 50 мың теңгенің сертификатын беріп жатыр. Көп-көп рақмет айтамыз! Алғысымыз шексіз. Балаларымызға жақсы білім тілеймін!

Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы БҚО филиалының төрағасы:

- Бізге білім басқармасы тарапынан, балалардың құқықтарын қорғау мекемелерінен көптеген өтініштер келіп түсті. Солардың негізінде көмекке мұқтаж отбасылар анықталды. Қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен бірге, бизнес қауымдастық өкілдерінің қолдауы арқасында осы акцияны ұйымдастырдық. Әлеуметтік әлжуаз топтарға қамқорлық көрсету келешекте де жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: