Мектепте жаңа пәндер оқытылады

Еліміздің мектептерінде мұғалім қат.

Кадр тапшылығы 5 мың маманға жеткен. Бұл жайлы тамыз кеңесінде мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Жаңа маусымға дайындық деңгейі қалай? Оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? Биылдан бастап мектеп бағдарламасына қандай жаңа пәндер қосылды?

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Биылдан бастап мектеп бағдарламасына жаңадан пәндер қосылды. Енді 5-7 сыныпта - Конституция негіздері, 8-11 сыныпта - заң мен тәртіп, 5-11 сынып оқушылары үшін Жеке қауіпсіздік курстары оқытылады. Осылайша білім беру ісі жаңғыртылып, жаңадан қабылданған конституцияны негізге алады. 

5–7 сыныптар - "Конституция негіздері" курсы

8–11 сыныптар -  "Заң және тәртіп" курсы

5–11 сыныптар - "Жеке қауіпсіздік" курсы  

Жанбота Есепбайқызы, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы орта білім мазмұны институтының бөлім басшысы:

- Осы үш курс вариативтік компаненттен міндетті курс ретінде оқытылады. Сонымен қатар 9-10 сыныптарда оқытылып келе жатқан құқықтық негіздері пәнінің мазмұны жаңартылды. Азаматтық, отбасы, әкімшілік, қылмыстық, құқықтық тақырыптар толықтай жаңартылған. 

Бұдан бөлек мектептерде жасанды интеллект дағдылары үйретіле бастайды. Ол үшін 1-4 сыныпта Цифрлық сауаттылық және ЖИ, 5-11 сыныптарда Информатика және ЖИ пәндері қосылды. Осы мақсатта білім мекемелеріндегі интернеттің сапасы мен шалғай аймақтарды ғаламтормен қамту жайы пысықталды. 

1-4 сыныптар - "Цифрлық сауаттылық және ЖИ" пәні

5-11 сыныптар - "Информатика және ЖИ" пәні  

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы:

- ЖИ енгізуге байланысты ауылдық жерлердегі мектептердің инфрақұрылымын дамытуға байланысты кешенді жұмыс жасалды. Оның ішінде бүгінгі таңда 7970 мектептің интернет желісі тексерілді. Оның ішінде 1600 мектепке старлинг бойынша интернет жеткізу бойынша шешімін тапқанын атап өткіміз келеді. Бұл ауылдық мектептерде. 

Білім күнінде 47 жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Оқушы орнының тапшылығын болдырмау мақсатында биылғы маусымда 47 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Ал жыл соңына дейін тағы 64 оқу ордасының құрылысы аяқталады. Айтайық, кейінгі жеті жылда секторға бөлінген бюджет көлемі үш есе артып, 6,4 трлн теңгеге жетті. Ал бес жылдың бедерінде 1 120 мектеп бой көтерді. 5 мыңнан астам ауыл мектебі жаңарудан өтті.  

Шернияз Жалғасбекұлы

Сондай-ақ оқыңыз: