15 жастағы оқушы 300-ге жуық кітап оқыған
Астанадағы №91 гимназияның 10-сынып оқушысы 15 жастағы Марлен Несіпқұлов осы уақытқа дейін 300-ге жуық кітап оқыған, деп хабарлайды «24KZ».
Марленнің кітапқа қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Әжесі оған ұйықтар алдында ертегі оқып беріп, кейін өзі кітап оқуға әуестенген. Алғаш оқыған шығармаларының қатарында В. Драгунский мен К. Чуковскийдің ертегілері болған.
Оқушының айтуынша, оның 300-ге жуық оқыған кітабының 150-і бала кезіне тиесілі. Ал 135 шығарманы мектеп бағдарламасы аясында оқыған.
Қазір де бос уақытында әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқиды. Көбіне шығарманы көңіл күйіне қарай таңдап, бір кітапты орта есеппен бір аптада аяқтайды.
Марлен үшін кітап оқу – күнделікті әдетке айналған сүйікті ісі. Ол мектепті тәмамдаған соң Назарбаев Университетіне түсуді жоспарлап отыр. Демалыс кезінде де кітап оқуды жалғастырмақ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз