Білім ошақтарында құқықтық мәдениет оқытыла бастады

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары құқықтық мәдениетті үйренеді.

Яғни балалар тек сабақ оқып қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін де білетін болады. Бұл сабақ 8-11 сынып оқушыларына арналған. Олар заңды және заңсыз әрекетті ажыратуды үйренеді. Сабақта буллинг мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар буллингтің қандай зияны бар екенін және мұндай жағдайдың алдын алу жолдарын үйренеді. Демек, жаңа пән балалардың заңды білуімен қатар  күнделікті өмірде өз құқықтарын қорғауына септігін тигізеді. 

Қуанар Шарханбекұлы, №101 орта мектебі директорының орынбасары: 

- Осы бағытта мектебімізде адал азаматтың 6 құндылығы бойынша әр айға нақты бөлінген. Атап өтетін болсам, заң мен тәртіп  аясында тәртіпке аса мән береміз. Мектебімізде бірқатар құқық қорғау органдарымен бірқатар дәріс сабақтары өтеді. Бұл жерде басты мақсатымыз - оқушыларды заңды құрметтеуге үйрету.

Сондай-ақ оқыңыз: