Елде 2030 жылға дейін 13 заманауи колледж салынады

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Елдің кадрлық әлеуетін нығайтып, экономиканың әр саласына білікті мамандарды даярлауда сала мамандарының еңбегі ерен.

Ал алдағы төрт жылда еліміздің 11 өңірінде 20 мың орынға арналған 13 заманауи флагмандық колледж бой көтереді. Жоба техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртып, оқу базасын жетілдіруге және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға септігін тигізбек. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сенсек, бүгінде елде 760-тан астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олардан жыл сайын 160 мыңнан астам маман түлеп ұшады. Бұл ретте тәжірибелік білім алуға басымдық беріліп, студенттер кәсіпорындарда жұмыс берушілердің талаптарымен танысады, заманауи технологияларға машықтанады.

Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және Кәсіптік білім департаментінің директоры:

- 2025-2026 оқу жылында барлық мамандықтар үшін жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте қолдану бойынша қосымша білім беру бағдарламасы «Майнер» міндетті болып енгізілді. Студенттердің практикалық дайындығы цифрлық және имитациялық технологияларды кеңінен қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Бүгінде 500-ден астам коледждерде VR тренажерлар мен цифрлық симуляторлар, роботтандырылған жүйелер және ЗД басып шығару технологиялары пайдаланылады.

Сондай-ақ оқыңыз: