Мектеп олимпиадасына былтыр 1,5 млн оқушы қатысты 

2025-2026 оқу жылында қазақстандық оқушылар ауыз толтырып айтарлық академиялық жетістікке жеткен.

1,5 млн жас өрен республикалық олимпиада, ғылыми байқау мен зияткерлік сайыстарда бағын сынаған. Оның 700 мыңы жеңіске жетіп, жүлдеге қол жеткізді. Жалпы елде талапты балаларды қолдау бағдарламасы сәтімен жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгінде халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы тағайындалады. Алтын медаль үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш, яғни биыл өлшеммен 6,5 млн теңге беріледі. Күміс жүлде үшін 4 млн 300 мың, ал қола үшін 2 млн теңдеген астам қаржы бөлінеді. Жаһандық білім сайысына даярлаған ұстаздарға да 150, 100 және 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік сыйақы беріледі. Бұдан бөлек, халықаралық пәндік олимпиадада жүлделі орын алған жастар ұлттық бірыңғай тестке қатыспай, бірден қазақстандық жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Биыл қазақстандық оқушылар 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауларға қатысып, 1067 медаль мен 57 арнайы награда иеленді. Оның ішінде 204 алтын, 356 күміс және 507 қола жүлде бар.

Сондай-ақ оқыңыз: