Жолдау-2026: экономиканы дамытуда ғылымның маңызы зор
Ғылым мен өндірісті интеграциялау.
Кадр мәселесін шешіп елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру. Алматыда Құрылтай депутаттары ғалымдармен кездесіп, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы Жолдауда ауыл шаруашылығына қатысты ұстанымын білдіріп, ең алдымен, суды тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының жаппай сақталуын қамтамасыз ету керектігін айтқан еді. Іс-шара барысында ғалымдар өз пікірлерін білдірді. Олар «егіс алқаптарын зиянкестерден қорғап, алатын өнімді екі есе арттыруға болады»,-дейді. Жиынға Қаржы министрінің орынбасары Әсет Тұрысов қатысып, сала мамандарының ұсыныстарымен танысып, жауапты органдарға жеткізетінін айтты.
Бақытжан Дүйсембеков, "Ж. Жиембаев атындағы қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин" ҒЗИ басқарма төрағасы:
- Тек қана мынау шикізат өндіріп қоймай, оларды мына терең өңдеп, біздің таза табысымызды еселеп, экономикамызды көтеруге тапсырмалар берілді. Цифрлық бағытта тапсырмалар олардың барлығы әрине орындалатын мәселелер. Осы бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігі де үлкен жиын өткізіп, әр салаға өз тапсырмаларын берді .
Мейіржан Отыншиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
- Еліміздегі жаңаруда осы академиктердің, ғылым қызметкерлерінің орыны ерекше. Сол себепті осыған атсалысу, оның ішінде мына Президент атап өткен суды үнемдеу мәселесі бар. Және де мынау аграрлық мәселелерді дамыту мәселесінде осы академия мүшелерінің орны ерекше деп есептейміз.