Қазыналы мекен. Қара алтын өндірісіндегі инвестициялық жобалар

Елімізде қара алтын өндіріп жатқан «CNPC Ақтөбемұнайгаз» АҚ жыл сайын жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Бұл кәсіпорын мұнайды көбірек өндіруге, экологиялық жағдайды сақтауға бар күшін салып отыр. Бүгін біз сіздерді осы компанияға қарасты мұнай өңдеу зауытының тынысымен таныстырамыз. Ол – №4 мұнай дайындау зауыты. Бүгінде толық автоматтандырылған өндірісте 1700 тонна мұнай дайындалады. Өнім Жаңажол және Солтүстік Трува кен орындарынан тікелей келіп, өңделеді. Қазіргі зауыт қарқыны қандай?