Қазыналы мекен. Майқайың алтын кен орны

Майқайың Павлодар облысында полиметалл өндіретін жалғыз кен орны. Ондағы қазба байлық бірнеше рет анықталғанымен, ресми түрде 1895 жылы ашылды.

Өткен ғасырдың басында ағылшын кәсіпкері астыртын алтын өндіріп, аз ғана уақыт ішінде 5 мың тонна кен өңделді. Одан кейін жұмыс тоқтатылып, тек 30-жылдары ғана осы күнге дейін өндірісті жолға қойған тау-кен кәсіпорны құрылды. Майқайың алтын бүгінде Орталық Қазақстанда алтын құрамды колчедан-полиметаллдық кенді өндіріп, өңдейтін жетекші кәсіпорын болып саналады. Кен орнының бүгінгі қарқыны жайлы шығарылымда тарқатамыз.