Қазыналы мекен. Павлодар алюминий зауыты

daypic.ru

Алюминийдің даму тарихы Павлодар мен Қостанай облыстарында боксит тәріздес сазды кеннің табылуынан бастау алды.

Негізі әлемдік тәжірибеде бұл сазды кен бос жыныс болып саналады, сондықтан қалдыққа жіберіледі. Ал Кеңес ғалымдары одан алюминий тотығын алудың әдісін ойлап тапты. Ерекше технология көмегімен сазды күйдіру арқылы 90 пайызға дейін өнім алатын болды. Осы ғылыми жаңалықтың арқасында 1955 жылы Павлодарда бокситті өндеу арқылы алюминий тотығын шығаратын зауыттың құрылысы басталды.

Бүгінгі шығарылымда 50 жылдық тарихы бар Павлодар алюминий зауыты жайлы баяндаймыз.