Құрылыс жобасы. Балалардың ойын алаңы

Қазақстан халқының саны жыл сайын тек артып келеді. Әсіресе ірі қала тұрғындарының саны қарқынды өсуде. Мұндағы баспаналар жиі әрі көптеп салынады. Сол себепті үйлердің ойын алаңдары кішкентай қазақстандықтарға толы. Аулаларға шыққан балалар бос уақыттарын тиімді өткізеді. Мұндай орындар бүлдіршіндердің алғашқы спорттық қабілеттерін айқындайтын арнайы құрылымдармен жабдықталуы тиіс. Бүгінгі хабарда балалардың ойын алаңын салу қаншалықты маңызды және олардың қауіпсіздігі туралы айтатын боламыз.