Мамандар: Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы Қазақстан халқы үшін аса маңызды

Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы еліміз өркениеті өрге озған 30 мемлекеттің қатарына қосылады.

«Экономиканың екпінін үдете түсетін технология, бизнес орта, макроэкономикалық тұрақтылық пен адами капитал және қауіпсіздік. Басымдық берілген бұл бес бағыттың барлығы келешегімізді кемелдендіре түседі», - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатында бас қосқан ағартушы қауым. Мамандар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы Қазақстан халқы үшін аса маңызды екенін жеткізді. «Ел мүддесі ескеріліп, болашағымыздың баянды болуы жолында бұл құжаттың шоқтығы биік», - дейді мұрағатшылар.

Зада Дүкенбаева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Бұл Жолдаудың ерекшелігі – 30 елдің қатарына кіру негізгі мықты айқын қадам ретінде анықталынды. Себебі біз өзіміздің 25 жылдық Тәуелсіздігіміз ішінде толағай жеңістерімізді баянды ету мақсатында бүгін қорықпастан экономикамызда, сыртқы ішкі саясатымызда нақты қадам баса алып, отыз елдің қатарына кіретіндігімізді дәлелдедік.

Бақытжан Ақтайлақ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих магистрі:

- Біздің индустриалды осы жаңа өнімдерді жасау немесе осы шикізаттың үлесін біздің экономикада азайтып, оның орнына дайын өңделген Мade in Kazakhstan бренді әлем бойынша танылу керек. Бұның барлығын Қазақстанның қатардағы азаматтары ретінде қолдаймыз.