Құрылыс жобасы. Астанадағы көп қабатты автотұрақ құрылысының жобалары

Демалыс күндері сауда орындарының маңынан көлік қоятын орын таппайсыз. Себебі автокөліктер саны күн санап артып келеді. Бір ғана Астанада соңғы 3 айдың өзінде 48 мың темір тұлпар тіркелген. Бұл ресми статистика. Ал күнделікті қалаға келіп-кетіп жатқан көліктер саны қаншама. Осы орайда автотұрақ мәселесін қалай шешуге болады? Астанада көп қабатты автотұрақтар қашан және қай жерлерде салынады?