Петропавлдық студенттер EXPO – 2017 GID мобильдік қосымшасын жасап шығарды

Петропавл қаласының студенттері EXPO – 2017 GID ұялы телефон қосымшасын жасап шығарды.

Бұл пайдаланушыларға халықаралық көрме бағдарламасын қалта телефоны арқылы көріп-білуге мүмкіндік береді. Сайттың мобильдік нұсқасына шараның қайда және қай уақытта өтетіні енгізілген. Билетті де осыдан сатып алуға болады. Өнертапқыштар жобаны 24 сағатта құрастырып, республикалық байқау жеңімпазы атанды. Жастардың бастамаларымен облыс әкімі де танысты. Жиын барысында белсенділер түрлі тақырып төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Нұржан Төлеген, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Қосымшаның баламасын ғаламтор желісінен таппадық. Яғни келушілер үшін мобильдік нұсқа қарастырылмаған. Сондықтан жобаны «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына жібердік.