Қазақстанда 5 ақпанға дейін ҰБТ өтеді

Қазақстанда 5 ақпанға дейін ҰБТ өтеді

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол 5 ақпанға дейін жалғасады.

Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп жатыр. Карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.

ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр.

Олар:

– 11 (12) сынып оқушылары;

– өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер;

– шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер.

«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады. Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр арақашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ке қысқартылды», - делінген хабарламда.