Ата-анадан баласының денсаулығына өзі жауапты екендігі жайлы қолхат талап ету заңсыз

«Офлайн форматта білім алатын баламның денсаулығына өзім жауаптымын. Еш қарсылығым жоқ».

Мектептерде ата-анадан осындай бағытта жазбаша хат талап ету заңсыз. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Ол мектептерде мұндай өтініштер талап етілсе, тікелей өзіне хабарласу қажеттігін айтады. Әр жағдай жеке қарастырылады.

«Офлайн форматта оқыту ең алдымен сапалы білімді қамтамасыз етуге қажет», - деді Мөлдір Әбдуалиева.