Маңғыстау облысында 22 класс карантинге жабылды

Маңғыстау облысында 22 класс карантинге жабылды

Коронавирус жұқтырған оқушылардың көбі Ақтау қаласының мектептерінде тіркеліп отыр.

Мұнда 7 оқушы ауырып, емделіп жатыр. Ал Түпқараған мен Бейнеу аудандарында 5, Жаңаөзенде – 4, Қарақияда 1 бала вирус жұқтырған. Олардың сыныптастары да 14 күнге оқшауланып, қашықтан білім алуға көшті. Қазір облыста 350 оқушы онлайн оқып жатыр.

Айта кету керек, өңір әлі де «қызыл аймақта». Тек соңғы бір аптада 948 адамнан коронавирус анықталды.

Ғазиз Надуев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Коронавируспен 22 оқушы тіркелді. Олардың бәрі жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұқтырған. Үй ошағы мен орын бойынша жақын қарым-қатынаста болған адамдар саны 331 екені анықталды. Жалпы Маңғыстау облысы бойынша 147 мектеп бар. Офлайн оқу форматында 167255 оқушы білім алуда.