Бағдат Мусин студенттерге ІТ-мамандықтар бойынша оқу сертификаттарын табыстады

Бағдат Мусин студенттерге ІТ-мамандықтар бойынша оқу сертификаттарын табыстады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digital Bridge 2021 халықаралық форумы алаңында конкурстық іріктеудің алғашқы бес жеңімпазына 600 мың сомаға ІТ-ваучерлер табыстады.

Т-ваучерлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 мың білікті ІТ-маман дайындау туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған.

«Біз мықты қазақстандық ІТ-секторды қалыптастыру керекпіз. Бүгін алғашқы бес ІТ-ваучерді бердік. Елімізге жас, жасампаз, ынталы және білімді мамандар қажет. 2025 жылға дейін 20 мың ІТ-ваучер ұсынуды көздеп отырмыз. Осылайша отандық ІТ-секторды жоғары білікті мамандармен жасақтап, болашақта сапалы өнімдерге қол жеткізуге жағдай жасамақпыз»,  - деді Бағдат Мусин.

Министрдің қолынан оқу сертификатын алғандар:

Малиновская Инна — Code:ME бағдарламалау мектебінің болашақ студенті. Бұл мектеп ересек жандарға 6 ай ішінде жаңа және жалақасы жоғары мамандықты игеруге көмектеседі, сондай-ақ балаларды да заманға сай мамандыққа бейімдейді.

Наураков Оразалы Шығыс Қазақстан  аймағы үшін ІТ-мамандарды дайындайтын Семейдегі Make IT мектебінде оқитын болады.

Нығметова Гауһар —QWANT бағдарламалау мектебінің студенті. Бұл - Qwasar Silicon Valley серіктестігі негізінде қаланған, геймификация, белсенді оқыту және командалық жұмыс қағидасымен оқытатын мектеп.

Пархоменко Андрей - Animo цифрлық өнер мектебінің болашақ студенті.

Хасенова Айжан - Қарағандыдағы ШАГ Академиясының студенті. Қазақстандағы ең ірі бағдарламалау мектептері ретінде танылған ШАГ  әлемнің 22 елінде жұмыс істеп, 250 мың маманды дайындап шығарған.

2022 жылға қарай бағдарлама кеңейтіліп, жеңілдіктер көлемі екі мыңға дейін ұлғайтылады. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін 20 мың қазақстандықты түрлі ІТ-мамандықтар бойынша оқытуға қаржы бөлінеді.

Tech Orda — Astana Hub технопаркінің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан бірегей бағдарламасы. Бағдарлама аясында қазақстандықтар ІТ-мамандық бойынша оқу үшін 600 мың теңге қаражатқа қол жеткізе алады.

2021 жылы іске қосылған бағдарлама барысында 100 қазақстандыққа алдыңғықатарлы бағдарламалау мектептерінде оқуға квота  бөлінеді. Бағдарламаға еліміздегі 13 ІТ-мектеп (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Орал, Семей, Ақтау) қатысып жатыр.