Өскемендік оқушы картоп өсіру үшін экологиялық таза тыңайтқыш жасап шығарды

Өскемендік оқушы картоп өсіру үшін экологиялық таза тыңайтқыш жасап шығарды
inform.kz

Тыңайтқыш пияз, жұмыртқа, банан, қызылша цитрус қабықтары мен шай жапырақтарынан жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денис Лагутин үй жағдайында картоп өсіру үшін экологиялық таза тыңайтқыш жасап шығарған. «Алгоритмі келесідей: тыңайтқыш үшін 20 жұмыртқа қабығын, 10 шай жапырақтарын, 10 қызылша қабығын, 10 бадананың қабығын, 10 банан мен цитрус қабығын, 10 апельсинді жинау қажет. Содан кейін қалдықтарды кептіріп, ұсақтап, араластыру керек. Нәтижесінде, экологиялық таза тыңайтқышы бар картоптың салмағы 4 келі 405 гр құрады. Ал химияны қолдану арқылы салмағы 1 келі болды. Жаз бойы ата-әжемнің саяжайында осы тыңайтқышпен тәжірибе жасауды жалғастырамын», – дейді Денис.

Өскемен қаласында оқушылар арасында ғылым фестивалі өтті. Үш күн бойы балалар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жобалар тақырыбы әр түрлі болды. Оқушылар тарих, тіл, жаратылыстану, математика сияқты бағыттарды зерделеген. Арасында бұрын-соңды зерттелмеген, тың тақырыптар да бар. Мәселен, 9 сынып оқушысы Фархат Солтанбеков «Күнбағыс тұқымының қауызынан фитомеланин пигментін алу» тақырыбында тәжірибе жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізген. «Осы жобамен бір жыл көлемінде айналысып келемін. Тұқымның қабығы ультрадыбыстық аймақтың көмегімен өзгертілді. Пигментті феомеланин алдық, енді оны косметология мақсатында қолдануға болады. Яғни, осы арқылы емдік және косметикалық кремдер жасауға мүмкіндік бар», – деді Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында оқитын Фархат Солтанбеков.