Қазақ геральдикасы толық зерттелмек

Отандық ғалымдар нышандар мен таңбаларды зерттейтін «Қазақ геральдикасы» кітабын жарыққа шығармақ.  Геральдикалық зерттеу орталығының ғалымдары Мемлекеттік рәміздердегі әр таңба күллі түркі жұртының әдет-ғұрпынан хабар беретінін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті, туымыздың түсінің өзінде терең мән бар. Қазір отандық ғалымдар Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай қазақ геральдикасын да зерттеп жатыр. Бұл ғылым символдардың құпиясын ашуға көмектеседі,- дейді ғалымдар.

Асылбек Байжұмаұлы, геральдикалық зерттеу орталығының директоры:

Енді биылғы жылы біз сол қазақ геральдикасының ішінен ғұн, сақ заманынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанға дейінгі геральдиканы зерттеп сол туралы кітап жазып тұсау кесеміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы геральдика деген ғылымның өзі, үлкен зерттелетің ұғым. Енді бұл саламен дәл қазіргі таңда біздің Қазақстанда нақты айналысып жатқан геральистер жоқ. Дегенмен тарих саласына қатысты мамандарымыз кітаптарың, еңбектерің қалдырып жатыр.