2025 жылға қарай 1 млн оқушы жаңа мектепке барады – Аймағамбетов

2025 жылға қарай 1 млн оқушы жаңа мектепке барады – Аймағамбетов

Бала саны артып жатқандықтан, мектептер де көптеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар халқымен кездесуінде айтты.

«Орта білім – маңызды деңгей. Өткен жылы елімізде 277 жаңа мектеп салынды. Бала саны артып жатқандықтан, бұл аздық етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай кем дегенде 1 млн оқушыға орын ашылады. Сонымен қатар, біз мектептерде тілдерді біртіндеп енгізуді көздейміз. Мемлекеттік тілдегі мектептер үшін бірінші сыныпта қазақ тілі қосылады, екінші сыныпта орыс, ал үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады», - деді Асхат Аймағамбетов Торайғыров университетінде өткен кездесуде.