Қорғалжын ауданында инклюзивті сынып ашылды

Елде ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Бүлдіршіндер тиісті оңалту шараларын жарты жыл күтіп барып қабылдайды.

Сөйтіп уақыт жоғалтады. Мемлекет басшысы осындай сын айтқан. Сосын «балалар сапалы қызмет алу керек» деген тапсырма берген. Президент пәрменімен қазір ауылды жерлерде де инклюзивті білім беру жолға қойылып келеді. Мәселен, Астана іргесіндегі Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында инклюзивті білім беру сыныбы ашылды. Мемлекет есебінен 11 миллион теңгеге жабдықталған сынып ішінде ерекше білімді қажет ететін 20-дан аса бүлдіршін оқиды. Тек жантекелік емес, өзге де елдімекеннің балалары осы жерде білім алады. Бұған дейін балғындар аядай жерде оқып келген. 

Дарын Сабырғали, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары:

- Президентіміз жылдың басында балалар жылы деп жариялағаны бәрімізге мәлім. Осының нәтижесін көріп отырсыздар өздеріңіз. Облыс әкімі қаражат бөліп, бүгін балаларға ерекше білімді қажет ететін инклюзивті кабинет ашылып жатыр. Бұл енді аймақты мынау көршілес ауылдардан келіп, 25 бала осы жақтан білім алатын болады.

Ақсәуле Мұхамеджанова, Жантеке ауылының тұрғыны:

- Алдыңғы уақытта осы балаларға өте қиын болатын. Мамандармен жұмыс жасау. Кабинеті кішкентай. Құрал-жабдықтары болмады. Енді осындай мүмкіншілік жасап отыр. Бұл кабинеттің ерекшелігі өте кең біріншіден. Сосын көптеген жаңағы дамуына, жұмыс жасауына көптеген құралдармен жабдықталған.