Алматыда кітап фестивалі ашылды

Сегізінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шара биыл балалар бағдарламасын қамтыды.

Атап айтқанда, кішкентай оқырмандар мен ата-аналар Лилия Клаус, Гүлнәр Жандыбаева, Гүлжан Сәрсенова, Әсел Сапақова сияқты балалар жазушыларымен кездесіп, «Таныс болайық, Батыр», «Бөлісу деген бақыт», «Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары» атты кітаптардың тұсаукесеріне куә болды. Шара барысында оқырмандар өзара кітап алмасып, қалаған туындысын 20 процент жеңілдікпен сатып алды. Фестиваль аясында алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы ұйымдастырылды. Мұнда кез келген оқырман өз кітабын Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.

Майра Әлжан, KitapFest жобасының бас үйлестірушісі:

- Бұл фестивальдің басты мақсаты өзіміздің қазақстандық жазушыларды қолдау, оқырмандарымен кездесу үшін осындай керемет алаң ұсыну, сондай-ақ баспагерлерге де өзінің шығарған кітаптарын көрсетуге мүмкіндік беру және де ең бастысы кітап оқу мәдениетін өсіру.