Өскеменде НЗМ оқушылары қайырымдылық балын өткізді
Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қайырымдылық балын өткізді.
Мүмкіндігі шектеулі замандастарының көңілін аулап, қолдау көрсеткен жыл бойғы шараларын жеткіншектер осылай қорытындылап, әдемі кеш ұйымдастырған.Осы кеште мүгедектер арбасына мұқтаж 5 бала қажетіне қол жеткізді.
Әуезді әуен. Әдемі би. Оқушылар осы бір салтанатты кешке 4 ай бойы дайындалды.Күрделі үй тапсырмалары мен тығыз сабақ кестесі де кедергі болмады. Өйткені олар әлеуметтік жобаның не екенін жақсы түсінеді.
Арайлым Құмарханова, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:
- Бұл балалар облыс көлемінде арбалар алуға мүмкіндіктері жоқ және мемлекет тарапынан арбалар беріледі, бірақ та кезекте бұл балаларымыз көп тұрып қалады, күтеді, ал балалар үшін арбалардың болуы өте маңызды.Олардың дамуы үшін,қоғаммен байлланыста болулары үшін.Сондықтан біздік мектебіміздің оқушылары өздері осындай шешімге келді.
Жас жеткіншектер жаһандану заманында жақсылық жасауды барынша насихаттау маңызды деп санайды.
Ержан Русланов, оқушы:
- Біз осындай іс шаралардан тыс қалмаймыз, өйткені әлемді жақсарту керек және осы әлемді жақсарту үшін осы іс шараларға қатысамыз.
Айқын Тұрсынбековтың қозғалуға ыңғайлы арнайы арбаны армандап жүргеніне көп болыпты.Бүгін ол қолайсыз болса да ескі арбасымен келіп, көңілді кешке қатысты. Тіпті билеп те берді.
Айқын Тұрсынбеков, шараға қатысушы:
- Ары қарата армандарым орындалады деп сенемін. Оқуға түсемін, программист боламын деп үміттенемін.
Бұндай шарадан бөлек, зияткерлер замандастарына ағылшын тілін үйретіп, алған білімдерімен бөлісуді де әдетке айналдырған. Осылайша «Еріктілер мектебін» дамытуға барынша ат салысып келеді. Осы би кешіне балалармен қатар мұғалімдер мен ата аналар бар, жалпы 600 адам қатысты. Ең бастысы жиналған 1,5 миллион теңгеге тірек қимыл жүйесінде ақауы бар 5 балаға заманауи мүгедектер арбасы тарту етілді.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов