Инвесторлар жергілікті мамандарды оқытуға міндетті болады
Қазақстанға келетін инвестор жергілікті кадрларды оқытуға міндеттеледі.
Сонымен қатар, қандай да бір өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға қаржы бөледі. Келісім бойынша инвесторларға 10 жылға дейін салық мөлшерлемесі белгіленеді. Бұл жайында Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді ірі компания немесе кәсіпкер шектеу қойылмаған кез келген салада өз ісін жүргізе алады. Шетелдіктерге акцизделген өнімдердің көтерме саудасымен айналысуға тыйым салынады. Лотерея өткізу, ойын бизнесімен айналысуға да болмайды.