Шымкентте жайлы мектеп құрылысы басталды
Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр.
Мердігер компаниялар тарапы Таскен, Ақжар, Арғымақ пен Ынтымақ сияқты 9 шағын ауданда жер тегістеп, бетон құю жұмыстарын бастады. Сонымен қатар 3 қабатты заманауи оқу ордасы Нұршуақ шағын ауданында бой көтереді. 4,5 гектар жерде 2 мың оқушыға арналған нысан салынады. Қазығы қағылып, іргетасы қаланған мектеп келер жылдың желтоқсан айында тапсырылады. Білім басқармасы мамандарының мәлімдеуінше 2025 жылға қарай 18 жайлы мектепті ел игілігіне беру жоспарланып отыр.
Нұргүл Шамшиева, қалалық білім басқармасының басшысы:
- Қазіргі қолданыстағы мемлекеттік жалпы орта білім беру мектептерінен ерекшелігі ол толығымен қамтылған. Материалдық тұрғыдан жабдықталған. Мектеп іске қосылмай жатып мұғалімдер құрамы анықталған басшысына дейін. Тек қана анықталмай ең үздік мұғалімдер іріктелген мектептер болмақ.