Көкшетауда аймақтық JasSkills байқауы өтті

Көкшетауда аймақтық "JasSkills" байқауы өтті.

Сайысқа 9 номинация бойынша 100-ге тарта оқушы қатысты. Кәсіби шеберлік байқауы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Ал жүзден жүйрік атанғандарға жергілікті жоғары оқу орындары жеңілдетілген бағамен оқу сертификатын табыстады.

Бизнеске арналған IT шешімдер. Әбілмансұр Сатыбалды дәл осы номинация бойынша бағын сынады. Тың жоба әзірлегенін айтады. Саладағы қордаланған мәселелердің шешу тетіктері көрсетілген.

Әбілмансұр Сатыбалды, оқушы:

- Бірінші кезекте бұл бизнесті автоматтандыру. Сол арқылы уақытты тиімді ету. Қаражатты үнемдеу. Мұндай жобаларды өзім сайыстан бөлек, қызыққан кезде шығармашылық тұрғыдан өзім жасап, үлкен жетістіктерге жетудемін. Жоба ретінде қорғап, кәсіпкерлерге де сатса да үлкен үлесі зор. 

Оқушылар мобильді робототехника, графикалық дизайн, компютерлік моделдеу сияқты бірнеше бағытта біліктілігін сынады. Биотехнология мен химиялық талдаулар жүргізді. Сондай-ақ қолөнер де назардан тыс қалмады.  Балалар ағаштан түйін түйіп, түрлі бұйымдар жасады.

Мадияр Қарабалин, оқушы:

- Мен ағаш оюға үш жыл болды қатысып жүргеніме. Осы чемпионатқа екінші рет қатысып жатырмын. Астау, осындай тақтайлар істейміз. Сондайлар ұнайды. Үлкен жұмыстар емес, орташа жұмыстар ұнайды.

Қатысушылар көбінесе практикалық тұрғыда жұмыс жасады. Олардың еңбегін арнайы шақыртылған 58 сарапшы бағалады. 

Мәдина Бекетова, сарапшы:

- Балалар өте алғыр. Біз өскелең ұрпаққа жаңаша бағыт беріп жатырмыз. Сондықтан біз қорықпауыз керек. Балалар осындай сайыстарға келу керек, көру керек. Көзбен көргенде ғана жұмыс жасай алады деп ойлаймын.

Әсет Әбдіғапаров, оқушылар сайының бөлім меңгерушісі:

- Биыл біз оқу орындарымен, университеттермен ынтымақтастық орнаттық. Олар шақырту қағаздары мен жеңлді бағалар оқу сертификаттарын, сондай-ақ жеңімпаздарымыз үшін бағалы сыйлықтар сыйлайды.

Оқушылар білім ордаларындағы оқу бағдарламасымен арнайы ұйымдастырылған көрмеден танысты. Бұл олардың болашақ мамандықты таңдауға септігін тигізері анық. 

Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко