Алматыда есепке жүйрік оқушылар білім гранттарын сарапқа салды

Алматыда есепке жүйрік оқушылар білім гранттарын сарапқа салды.

Логистика және көлік академиясында өткен олимпиадаға 11-сыныпта оқитын 500-ге жуық бала қатысты. Олар Алматы қаласы мен облысының оқушылары. Жарыс математика, физика, информатика және география бағытында өтті. Ең жоғары ұпай жинаған 20 оқушыға академияның білім гранты табысталады. Елімізде техникалық мамандыққа сұраныс артып келеді. Тіпті жұмыс берушілер өзіне қажетті қызметкерді қай бағытта тереңдетіп оқыту керектігі туралы ұсыныстарын жиі айтады. «Сондықтан кез келген оқу орны сұранысқа сай инженер дайындап, дуальді білімге ден қоюуы тиіс»,-дейді мамандар.

Салтанат Әмірғалиева, логистика және көлік академиясының ректоры:

- Логистика және көлік саласы, телекоммуникациялар саласы бұл еліміздің дамуы үшін өте стратегиялық салалар болғандықтан жастарымыздың техникалық білім алуы бұл еліміздің экономикасының дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Сондықтан қазір егер талапкер дұрыс таңдай біліп, техникалық мамандықты таңдайтын болса оның болашақта еліміздің өз отанын, елін дамытуға деген үлесінің үлкен болатындығы сөзсіз.